Әйелдер-қыздар секторы Хатым дұғасын жасады (ФОТО)

23 мамыр 2019 7147 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің Әйелдер-қыздар секторына қарасты «Нұр Астана» мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері де қасиетті айда Құран Хатым жасады.

Әр жылдың Рамазан айында Алла Елшісі (с.ғ.с.) уахиды жеткізуші, ұлық періштенің бірі Жәбірейілге (ғ.с.) Құранды Хатым етіп тапсыратын болған. Бұл да азамзат тарихында алтын әріптермен жазылуға тиісті өнеге, ғибраты мол айырықша уақиға. Рамазан айы осысымен де ерекше. Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның бастамшылығымен, еліміздегі барлық қарилар ел мешіттерінде ай бойы Құран Хатым етеді. Бұл игі бастама «Нұр Астана» мешітінде де жылда атқарылар үрдіске айналған.

Осы үрдіске әйелдер қауымы да өз үлесін қосуда. Клуб мүшелері Әйелдер-қыздар секторының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жауапты қызметкері, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиеваның бастамашылығымен мешіт жанындағы Сауат ашу курсында күніге екі парадан оқыды. Осыған орай, арнайы Құран Хатым дұғасын жасаған «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері елімізге амандық, жерімізге тыныштық, ел халқына береке-бірлік тіледі.   

1

1

1

1

1

1

1

 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру