Әйгілі Футболшының неке қию рәсімінде Реджеп Ердоған куәгер болды
10 маусым 2019
6696
0
Оқу режимі
Әйгілі футбол жұлдызы, лондондық «Арсенал» клубының жартылай қорғаушысы Месут Озил Рамазан айыныан соң некесін қиып, отбасылық өмірге қадам басты. Жас жұбайлардың неке қию рәсіміне Түркия президенті Реджеп Ердоған мен оның жұбай Эмине Ердоған қатысып, куәгерлік берді.
Ғаламтор желісіне тарап кеткен видеода Түркия басшысының куәгер ретінде қол қойып жатқан сәті көрсетіледі. Бұдан кейін президент қос ғашыққа тілек айтып, ұзақ та бақытты ғұмыр кешулерін тіледі.
Месут Озил шариғат бойынша неке қидырған соң осы бір айрықша оқиға үшін шұғыл ота жасалуы тиіс мыңдаған баланың қажеттілігіне қаржы аударған.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру