«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ ЖҰМА УАҒЫЗЫНЫҢ СУРДОАУДАРМА ҮЛГІСІН ҰСЫНДЫ (ФОТО)

25 қазан 2024 589 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін жұма уағызының сурдоаударма үлгісі көрсетілді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа «Отанды сүю - иманнан» тақырыбында жұма уағызын айтып, кіндік қаны тамған топырақ әрбір адам баласы үшін қастерлі ұғым екенін айтып өтті.

«Құрметті жамағат! Дініміз адам баласына туған жерінің қадір-қасиетін біліп, бағалап, қастерлеуге шақырады. Халық нақылында да: «Ұлтарақтай болса да, ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат» деген. Отанның қадіріне жету, оны бағалау, пайда тигізу, қорғау, ол жерде мекен ететін халыққа құрмет көрсету – баршаға міндет іс. Алла Отанымызға тыныштық нәсіп етсін!»,- деп сөзін аяқтады Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жамағатқа айтылған ғибратты уағыздың сурдоаударма үлгісі де әйелдер жамағаты мен экран арқылы көпшілікке жол тартты. Арнайы шақырылған мамандар есту қабілетінен айырылған жандар үшін аударма жасап, олардың өнегелі үгіт-насихатпен сусындауына жағдай жаратты. Игі бастама «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жұма жалғасын таппақ.

БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Пікірлер Кіру