«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

13 қараша 2025 422 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қала имамдарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі қабылдаған кибербуллингтің шариғи үкімі таныстырылды.

Астана қаласының дін қызметкерлері қатысқан жиында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Тамирлан Дарханұлы пәтуалардың мән-мазмұнын жан-жақты түсіндіріп өтті.

ШЕШІМ: Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады. Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс. Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады. (ҚМДБ Ғұламалар кеңесі)

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру