«Әзірет Сұлтан» мешітінде Сира дәрістерінің қорытындысына арналған сайыс өтті

25 сәуір 2026 88 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті қабырғасында қыз-келіншектерге арналған Сира, яғни Пайғамбарымыздың () өнегелі өмір жолын танытатын дәрістер өз мәресіне жетті.

Аталған дәріс әйел ұстаздардың белсенді атсалысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың діни танымын кеңейтіп, имани тәрбиесін нығайтуға үлкен үлес қосты.

Осы игі істің қорытындысы ретінде шәкірттердің алған білімін саралап, бекіту мақсатында арнайы сайыс ұйымдастырылды. Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор бұл іс-шараға Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы бастаған мешіт ұстаздары, ақ жаулықты аналар және білімге құштар қыз-келіншектер қатысты.

Сайыс барысында қатысушылар Сира тақырыбы бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті. Сонымен қатар, рухани тақырыптағы ой бөлісулер мен әсерлі пікірлер айтылып, жиынға ерекше мағына мен мазмұн берді. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, ұстаздар барша қатысушыға алғыс білдірді.

Суреттер толығырақ «Фотогалерея» айдарында

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру