«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Сияр Шәріп» дәрістері басталды

24 сәуір 2026 110 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолын жан-жақты таныстыратын «Сияр Шәріп» дәрістері басталды.

Аталған рухани-танымдық дәрістер мешіт жамағаты мен білімге құштар жастардың діни сауатын арттыруға, Ислам тарихын тереңірек түсіндіруге және Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен ғибрат алуға бағытталған.

Дәрісті мешіттің наиб имамы, Діни білім және оқу-ағарту бөлімінің маманы Махмұд Қасым жүргізіп, Сира ілімінің маңызы мен оның мұсылман өміріндегі орнына кеңінен тоқталмақ.

Алғашқы жиында ұстаз дәрістер толық аяқталған сәтте қатысушылар арасында емтихан алынып, арнайы сертификаттар табысталатынын жеткізе кетті.

Дәріс барысында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) балалық шағынан бастап, пайғамбарлық миссиясының басталуы, Мекке және Мәдина кезеңдеріндегі тарихи оқиғалар, сондай-ақ оның көркем мінезі мен үмбетке қалдырған өнегелі жолы жүйелі түрде түсіндіріледі. Тыңдаушыларға тек тарихи мәлімет қана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде қолдануға болатын рухани сабақтар да ұсынылады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру