«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ «ОТБАСЫ БӨЛМЕСІ» ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕП КЕЛЕДІ (ФОТО)

24 қараша 2025 336 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған бағдарламалық баяндамасында берілген тапсырмасына сәйкес, отбасылық кеңес беру орталықтарының қызметін күшейту және отбасыларға діни-рухани қолдау көрсету бағытында Астана қаласы өкілдігі жүйелі жұмыстар атқарып келеді.

Осы тапсырманы орындау мақсатында 2025 жылдың 17 ақпанында «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы «Отбасы бөлмесі» ашылған болатын. Ашылған күннен бастап бүгінге дейін аталған бөлме қарқынды режимде жұмыс істеп келеді.

Күн сайын бөлмеге кемінде бір отбасы немесе ерлі-зайыпты жұп келіп, кәсіби мамандар мен жауапты имамдардан кеңес алады. Кеңестер негізінен жанұяның ішкі мәселелеріне қатысты рухани бағыт-бағдар беру, өзара түсіністікті арттыру, ерлі-зайыптылардың жауапкершілігін нығайту, сонымен қатар, Ислам құндылықтарына сәйкес отбасылық татулықты нығайту мәселелерін қамтиды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру