Бас мешіт имамы қалалық семинарға қатысты (ФОТО)

04 қазан 2018 7528 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев «Діни сенім бостандығы мен діни экстремизмнің алдын алуда адам құқығының әлеуметтік, психологиялық аспектілерін жүзеге асыру» жөніндегі қалалық семинарға қатысып қайтты. «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен өткен семинар жұмысына Елордамыздағы білім беру мекемелерінің директорлары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, көптеген жайтқа қанығып қайтты.

Семинарға қатысушыларға Бақытжан Өткелбаев қазіргі уақытта жастар арасында жайылып бара жатқан деструктивті ағымдардан сақтандыру мәселелері жайында мағлұмат беріп, бірқатар маңызды ақпараттармен бөлісті. «Астана дарыны» орталығының ғылыми кеңесшісі Александр Тесленконың жүргізуімен өткен семинар барысында Астана қаласы Білім басқармасы Тәрбие ісі жөніндегі бөлімнің бас маманы және әкімдігі Дінтану орталығындағы оңалту бөлімінің қызметкерлері де арнайы баяндама жасап, діни теріс ағым құрбандарына көмек көрсету әдістерімен бөлісті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру