Бас  мешіт шәкірттері арасындағы білім сайысы мәресіне жетті (ФОТО)

25 қаңтар 2020 6465 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттері арасындағы «Сеніміңе берік бол!» атты білім сайысы өз мәресіне жетті. Өткен жылдың соңына таман «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттері арасында Ақида сабағы бойынша аталмыш сайыстың іріктеу кезеңі өткізіліп, 100 үміткер қатысқан болатын.

Тест сұрақтары түрінде өткізілген іріктеу кезеңінен жоғары ұпай жинаған 9 үміткер бүгін жамағат алдында өз білімдерін сарапқа салып, ақтық сайыс өткізді. ҚМДБ Әйелдер-Қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы және Елорда мешіттерінің ұстаздары Бақыт Төлеу мен Қарлығаш Қажымәлікқызы білім сайысына төрелік етіп, үміткерлер арасынан шын жүйрікті анықтауға тырысты.

Жиылған жамағаттың ыстық ықыласын тудырып, әділқазылар алқасының жоғары бағалауына ие болған Арайлым Балтабйқызы (І-Орын), Өткір Назерке (ІІ-Орын) және Мөлдір Түсбайқызына (ІІІ-Орын) жүлделі орындар беріліп, қаржылай сыйлықпен марапатталды. Іріктеу кезеңінен суырылып шығып, ақтық сайысқа қатысқан қалған 6 шәкірт ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру