Бас мешіт шәкірттері «Құран әліппесімен қоштасу» кешін өткізді (ФОТО)

26 ақпан 2020 6126 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Діни сауат ашу курсына желтоқсан айында қабылданған әйел шәкірттердің «Құран әліппесі» және «Иман негіздері» пәнін аяқтауына орай «Құран әліппесімен қоштасу» ашық сабағы болып өтті. Бас мешіт ұстазы Бекет Гүлсара апайдың тәлімін алып, дәрісіне қатысқан 25 шәкіртке арнайы кеш ұйымдастырылып, соңынан ақ дастархан басындағы берекелі отырысқа жалғасты.

Ашық сабақ барысында шәкірттер Құран әліппелерінің ережелерін еске түсіріп, мешіт ұстаздары сұрақ-жауап ойын жүргізді. Сондай-ақ, хакім Абайдың 175 жылдығына орай шәкірттер данышпан бабамыздың жырларын жатқа оқып, өз өнерлерімен де бөлісті. Жиын соңында мешіт ұстаздары шәкірттерге сәттілік айтып, алдағы оқуларын жемісті жалғастыруын тіледі.  

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру