Бас мешіттегі «Берекелі Рамазан» дастарханына арнайы қонақтар шақырылды (ФОТО)

23 мамыр 2018 9964 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханы бүгін арнайы қонақтармен толыға түсті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүгіннен бастап Бас мешіттегі ауызашар дастарханына Елорадамыздағы түрлі қоғамдық (зағиптар, мүгедектер, т.б.) ұйымдар мүшелері мен мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінің жұмысшылары шақырылып отыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдан жылдан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі тегін ауызашар дастарханының ауқымы кеңейіп, күн сайын 800 жанға арналып жайылып келе жатыр. Бүгін солардың қатарына Елордамыздағы құлағы естімейтіндер ұйымының 50-ге жуық мүшелері шақырылып, құрметті қонақ болды. Сондай-ақ, «Берекелі Рамазан» дастарханынан Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері де дәм татып, сауапты отырысқа қатысты.

Арнайы шақырылған қонақтарға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Фархат Исаұлы уағыз айтып, кештің тағылымды өтуіне үлкен септігін тигізді. Арнайы аудармашы арқылы тәржімаланған уағыз жиылған қонақтарға рухани әсер қалдырып, ризашылықтарын тудырды.

Айта кетейік, бүгінгі күннен бастау игі шара Рамазан айы аяқталғанша жалғасатын болады. Алдағы уақытта Бас мешіттегі «Берекелі Рамазан» дастарханына басқа да қоғамдық ұйым өкілдері, тәртіп сақшылары мен дәрігерлер, ұстаздар қауымы шақырылып отырады.

Пікірлер Кіру