БАС МҮФТИ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛЫП, АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 маусым 2024 1047 0
Оқу режимі

Бүгін, Құрбан айт күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен ашылған ерекше балаларды оңалту орталығында болып, ұлық мерекемен құттықтады.

«Жаңа ғасыр» деп аталатын орталықта күніне 15 бала бір сағаттан ем алады. Жүйке жүйесінің дамуы мен сөйлеуі тежелген балаларды 1-2 тәулікке қалдыру мүмкіндігі де қарастырылған. Ата-аналарды қолдау мақсатында жасалған аталған жоба елімізде алғаш рет қолған алынды. Онда ерекше балалар күтімімен айналысатын мамандар қызмет етеді. Балаларға арналған үш мезгіл тамақ (глютенсіз, қантсыз) және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аталған жоба «Зекет» қорының қолдауымен үзбей жалғасын тауып келеді» деді жобаға жауапты Мақсатбек Қайырғалиев.

Бас мүфти орталық жұмысымен танысып, кейін «Зекет және қайырымдылық» қорының жаңадан жасақтаған тынығу бөлмесін көріп шықты. Осыдан соң орталықта ем алып жатқан Зере бүлдіршіннің қазақы дәстүрге сай тұсауын кесіп, дұға жасады. Сонымен бірге орталықта ем алушылар мен қызметкерлерге айттық сыйлығы таратылды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру