Бас мүфти Бас кеңседе Сенат депутатымен кездесті (ФОТО)
14 маусым 2019
4934
0
Оқу режимі
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде Бас мүфти ҚР Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершовпен кездесті.
Кездесуде ұлтаралық, дінаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, азаматтардың діни сеніміне құрмет көрсету, діни төзімділік құндылықтарын насихаттау сынды мәселелер сөз болды.
Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Сергей Михайловичке мүфтияттың қайырымдылық, халықтың діни сауатын ашу, деструктивті діни ағымдардың теріс үгіт-насихаттарынан жастарды сақтандыру сынды бірқатар жұмыстарын баяндап берді.
Өз кезегінде Сенат депутаты дінаралық, ұлтаралық келісімді нығайтуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамдағы орны мен рөлін айрықша атап өтті.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру