БАС МҮФТИ БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

06 маусым 2024 977 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Тиімді басқару департаменті басшысы Айнұр Баймырзаны қабылдады.

Кездесуде Қазақстан жастарының экстремистік және деструктивті діни ағымдарға қосылу қаупін азайту мақсатында бірігіп жұмыс істеу жөнінде айтылды.

«Біз қоғамға, елімізге пайдалы болған әрбір іске қолдау көрсетуге, бірігіп жұмыс атқаруға әрдайым дайынбыз. Мүфтият жастар мәселесіне, әсіресе, олардың жат діни ағымдарға еріп кетуіне қатысты мәселелерге әуелден бей-жай қарамайды. Бізде жастармен арнайы жұмыс атқаратын Жастар ісі секторы жұмыс істейді. Биыл Діни басқарма жанынан Жастар кеңесі құрылды. Оған елімізге танымал әрі іскер жастар мүше болып, пікірлерін, ел жастарының болашағына қатысты ұсыныстарын жеткізуде» деді Бас мүфти.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы департамент басшысы Айнұр Баймырзаға Жастар ісі секторының атқарған әртүрлі ауқымды жобаларын таныстырды. Ал кездесу қорытындысында тараптар ел жастарына қатысты жаңа жобаларды бірге жүзеге асыруға уағдаласты.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру