Бас мүфти Елорда жамағатына жұма уағызын айтты (ФОТО)

11 наурыз 2022 3458 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

«Намаз оқудың сауабы мен дәрежесі» тақырыбында айтылған уағызда Бас мүфти діннің тірегі, құлшылықтың мәйегі болған намаз жөнінде кеңінен тарқатып айтты.

«Намаз – Исламның бес парызының бірі әрі құлшылықтың ең абзалы. Жаратушымыз Алла Тағала қасиетті Құраның 87 жерінде намаз оқуды бұйырып, оның адам баласы үшін маңыздылығына ерекше назар аударған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазды «Діннің тірегі», «Мүминнің миғражы», «Жұмақтың кілті», «Көзімнің нұры» деп түрлі атаулармен атаған. Бұның барлығы – намаз оқудың қаншалықты маңызды екендігінің көрінісі», – деді ҚМДБ Төрағасы.

Уағыздан соң Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатпен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы мен әлемнің тыныштығы, мұсылмандардың ынтымағы үшін дұға жасады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру