Бас мүфти емхананың ашылуына қатысты (ФОТО)

26 қыркүйек 2020 3899 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысы Сайрам ауданы Арыс ауылында салынған амбулаториялық-емхананың ашылуына қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әлемге дүрбелең салған індеттің алдын алу барысында емхананың және қажетті дәрі-дәрмектің болуы аса қажет екендігіне тоқталды. Сондай-ақ емхананың аға дәрігері Нурали Яқуповқа ғимарат кілтін табыс етіп, қайырымды һәм ерікті жандардың көмегімен ашылып отырған амбулаториялық-емхананың орны ерекше екендігін атап өтті.

Айта кетейік, бұл емханаға 2430 адам тіркелген. Оларға медициналық алғашқы көмек көрсетіледі. Емханада 5 дәрігер жұмыс жасайды.

Амбулаториялық-емхана құрылысы Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамбердінің ұйытқы болуымен Сайрам ауданы Арыс ауылдық мешітінің ерікті жамағатының көмегімен салынып, пайдалануға берілді.    

 

 

Пікірлер Кіру