БАС МҮФТИ ТӨЛЕ БИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)
28 қараша 2023
2631
0
Оқу режимі
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанға барған сапарында қазақтың біртуар тұлғасы Төле би Әлібекұлының кесенесін зиярат етті.
Бас мүфти бастаған делегация баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Бүгінде Төле би кесенесі Ташкенттегі киелі орындардың бірі саналады. Сәулет кешені XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.
Атай кетейік, Төле би – Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен әйгілі тұлға. Қазақтың әйгілі үш биінің бірі, «Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі. Төле би 1743-1749 жылдары Ташкент қаласын басқарып, осында жерленген. Төле би кесенесі жанында XIV ғасырда өмір сүрген шейх Хаванди Тахурдың да мазары бар.
Пікірлер
Кіру