Белгілі блогер Қыздар медресесінде шеберлік сағатын өткізді (ФОТО)

15 ақпан 2021 3955 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Астана» медресе-колледжінің қыздар бөлімінде тегін аспаздық мастер клас ұйымдастырылды. Белгілі блогер Айсұлу Есболатқызы өткізген шеберлік сағатында медресе шәкірттері тәтті бәліштер мен пахлава жасауды үйреніп көрді.

Елорда мешіттерінің әйел ұстаздары да шеберлік сағатына бірге қатысып, аспаздық тәжірибелерін толықтыра түсті. Тамақ әзірлеу үстінде қатысушыларға халал тағамның маңыздылығы жөнінде насихат айтып, әрбір қоспаның құрамына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.

Тренинг соңында Айсұлу Есболатқызы өз атынан қатысушыларға сый-сияпат үлестіріп, қыздардың ілім жолындағы ізденістеріне сәттілк тіледі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру