Белгілі дизайнер әйел жамағатымен кездесті (ФОТО)

10 қазан 2019 5868 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері мен ұстаздарынан құралған «Инабат» қыз-келіншектер клубы есте қаларлық кездесу ұйымдастырды.

Киім дизайнері Дана Нәби мешіттегі әйел жамағатымен жүздесіп, пайдалы кеңестерін айтты. Белгілі шебер өз кәсібінің жан-жақты қыр-сырымен бөлісті. Сондай-ақ, қыз-келіншектерге кәсіп таңдауда ескерілуі тиіс жайттарды сөз етті.

Айта кетсек, Дана Нәби еліміздегі тәжірибелі дизайнерлердің бірі. Ұлттық нақыштағы туындылары бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Аталмыш кездесуде әйел жамағаты өздеріне қажетті тың мағлұматтар мен кеңестер алды. Кеш соңында «Инабат» қыз-келіншектер клубы келуші қонаққа өз ризашылықтарын білдіріп, бағалы кітаптар мен алғыс хат сыйлады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру