CALL Орталыққа бір ай ішінде 813 діни сұрақ келіп түскен (ФОТО)

18 ақпан 2019 9032 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде осыдан бір ай бұрын діни сұрақтарға байланысты CALL Орталық ашылғаны баршаңызға мәлім. Халықтың діни ізденісін қанағаттандырып, көкейіндегі түйткілді сауалдардың жауабын дер кезінде қайтарып отыру мақсатында ашылған 33-30-30 нөмірлі Орталық осы уақытқа дейін еш үзіліссіз, тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істеп келеді.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған CALL Орталыққа бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен қоңырау шалып, өздерін толғантқан тақырыптар төңірегінде ақыл-кеңес алуға асыққандардың саны күн санап көбейіп келеді.

Елордамыздың ең білікті дін мамандарынан жасақталған CALL Орталыққа келіп түскен қоңыраулардың барлығы арнайы таспаға жазылып, бұдан бөлек жазбаша түрде сұрақ мәтіндері «Сұрақ кітапшасына» тіркеліп отырады.

Осы орайда CALL Орталық қызметкерлері ашылғалы бері 813 сұраққа жауап қайтарып, өз қызметтерін қалтқысыз атқарып келген. Бір ай ішіндегі көрсеткіштерді сараптай келе сұрақтардың көбісі құлшылық қағидаларына, жанұялық мәселелерге, несие-қарыз тақырыбына, теріс ағымдарға қатысты келіп түскені анықталған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру