ДІНИ БАСҚАРМАДА «БӨЛІМ САҒАТЫ» ӨТТІ (ФОТО)

30 мамыр 2024 1197 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият қызметкерлеріне кезекті «Бөлім сағатын» өткізді.

Жиында Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан Бас мүфтиге бұған дейін атқарылған жұмыстар мен жаңа жобалар жөнінде есеп берді. E-MUTIYAT электронды жүйесінің жұмыс барысын, fatua.kz сайтының жаңа дизайн нұсқасын, сондай-ақ Muftiyat.kz пен Qajy Guide қосымшаларын, алдағы Құрбан айтқа қарай іске қосылатын Qurban2024.kz жобаларын таныстырды.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бөлім меңгерушісіне атқарылған жұмыстар мен жаңа жобалар үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Оған қоса, цифрландыру бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарындағы қарқынды дамып келе жатқан сала екенін, алдағы уақытта да Діни басқарма қызметінде бұл саланы жетілдіре беру керектігін атап өтті.

Жиын соңында Бас мүфти нақты тапсырмалар беріп, бөлім меңгерушілері цифрландыруға қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру