Діни конфессия өкілдері Елорда төріне ағаш отырғызды (ФОТО)

16 мамыр 2020 6657 0
Оқу режимі

Бүгін Елорда төріндегі Тұңғыш Президент саябағында символикалық мәні бар акция өтті. Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен барлық діни конфессиялардың өкілдері жаңа өмірдің бастауы ретінде ағаш отырғызды. Бұл жайында елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақстан халқының бірлігі күніне ұйымдастырылып келген игі шара биыл Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты межеленген уақытта өтпей қалған болатын. Алайда, игілікті шара кешіксе де жалғасын тауып, барлық діни конфессия өкілдері бүгін Елорда төрінде бірлікпен бас қосып, ағаш отырғызып қайтты. Сондай-ақ, ел астанасындағы ерікті жастар да акцияға өз үлестерін қосты.

Шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов акцияның маңыздылығын айта отырып, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) хадисін еске алды: «Кімде-кім қолында бір шыбығы болса, Қиямет басталды десе де дереу шыбығын ексін», - деген. Хадистің мағынасы әр мұсылман өз елінің дамуы мен көркеюіне үлес қосуы тиіс дегенді білдіреді. Қазақстанда ортақ мақсат – біздің ортақ үйімізді дамытуға мүдделі түрлі конфессиялардың өкілдері өмір сүреді», - деді Нұр-Сұлтанның бас имамы.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру