ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ АСТАНА ИМАМДАРЫМЕН СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ (ФОТО)

03 қыркүйек 2024 983 0
Оқу режимі

Елордада орналасқан «Достық үйі» ғимаратында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Ізгі қоғам», «Дін мен дәстүр» бағыттары аясында Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Отанды сүю - иманнан» атты имамдарға арналған семинар болып өтті.

Шараға Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов, Астана қаласы Дін істері басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Манас Айтқалиұлы, Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры Ерназаров Алмас Әзімханұлы және Дін істері жөніндегі басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Сұлтанбейбарыс Асанұлы, Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлері қатысты.

Ең әуелі еліміздің мемлекеттік әнұранымен шымылдығы ашылған жиында алғыс сөз алған Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күнімен барша қатысушыларды құттықтап, отанды сүю, оны қадірлеудің маңызын түсіндіріп, туған жердің уыс топырағы әрбір қазақ үшін қасиетті де қастерлі екенін айта кетті.

Алқалы жиында басқа да қатысушылар өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, игі бастамаларға қатысты талқылаулар өтті. Кеш соңында барша қатысушыларға арналып, шай үстелі ұйымдастырылды.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру