“Ел ұйытқысы ене мен келін” сайысы

25 маусым 2024 1149 0
Оқу режимі

2024 жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен “ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ” жылы болып бекіткен болатын. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Түркістан облысы өкіл имамы Ержан қажы Сматұлының  ұйытқы болуымен «Ел ұйытқысы ене мен келін” тақырыбында дін мен дәстур аясында танымдық  сайыс өтті.

Түркістан облысы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға  КМДБ Әйел-кыздар сектор менгерушісі

Динара Кұтқожақызы, Алматы қаласының Әйел-кыздар

секторы жетекшісі Ілесбай Гулмира, Шымкент қаласының Әйел-қыздар сектор жетекшісі Досжанова Балжан , Түркістан облысының  Әйел-кыздар

секторы жетекшісі Әбиева Еңлік және әжелер мектебі, қала тұрғындары мен мешіт жамағаты қатысты.

«Ислам жане дәстүр құндылығы» жылы аясында

жузеге аскан басқосу жиыны «Ел ұйытқысы ене мен келін” тақырыбын арқау етті.

Сайыстың  мақсаты -  шаңырақтың шайқалмауын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу. Жарасымды жанұяны анықтап, өнегелі отбасын  көпке үлгі ету. Ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты ене мен келін от басының ұйтқысы екендігін ұғындыру.

Сайыстың барысы мен сайыс кезеңдері:

1-кезең танысу айдары мен қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерін паш ету

2 – кезең: «Өнермен өрге жүзерміз» өнер сайысы.

3-кезең Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр бойынша көрініс

4 - кезең Ұмыт  болған ұлттық тағамдарымызды жаңғырту

5 - кезең Үй тапсырмасы. “ Ана көрген тон пішер”

(қолөнер бұйымдарымен таныстыру)

Жүлделі орындарға

Бас жүлдеге  Кульдейевтер  әулеті,  Аршын апамызбен  келіні Аруға  бұйырды.

1-орынға Истыбаевтар әулеті Айгул апа мен келіні Зейнеп қанжығасына байлады.

2-орынға Туребаевтар әулеті Айжан апа мен келіні Ғазизаға табысталды.

3-орынға Омарқожа әулеті Амангелдіқызы Шолпан  апа мен келіні Алияға  табысталды.

Шара соңында мешіт жәнінен құрылған  «Домалақ ана” әжелер мектебі  мен  “Ханшайым” қыз-келіншектер мектебінің лентасын   Динара Құтқожақызы  қиды. Әжелер мектебінің негізгі мақсаты жастарға дәстүр құндылықтарын түсіндіру, өскелең буынның ұлттық танымдық кабілеттерін дамыту, улкенге кұрмет, кішіге ізет  көрсетуге шақыру..

Ұйымдастырушы :   Кентау қаласының Орталық мешіт ұстазы Жақсыбаева Асел Абдұқадырқызы

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру