ЕЛОРДА ИМАМДАРЫМЕН МЕШІТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

06 қыркүйек 2024 708 0
Оқу режимі

Шаһарда орналасқан «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдар жиыны өтіп, мешіт қауіпсіздігі талқыланды.

Шараға ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов және басқа да дін қызметкерлері қатысты.  

Жиында мешіт ережелерін сақтау, қауіпсіздік шараларын жан-жақты күшейту, ішкі тәртіптің тұрақтылығына мән беру секілді мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, өзараға пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынып, Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мешіт имамдарына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер Кіру