Елорда имамдарының орыс тілді бөлімі жиналыс өткізді (ФОТО)
01 қыркүйек 2020
3878
0
Оқу режимі
Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде елордалық имамдардың орыс тілді бөлімі кезекті жиналысын өткізді. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының берген тапсырмасына сәйкес, орыс тілді уағыз-насихат тарататын имамдардың күнделікті уағыздары мен онлайн дәрістерінің жоспары бекітілді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс кестесі жасалып, тиісті имамдарға жаңа міндеттер мен тапсырмалар жүктелді. Нұр-Сұлтан қаласы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов рухани-ағарту жұмыстарын кеңінен қолға алу керектігін тілге тиек етіп, имамдар тарапынан өзара ортаға салынған жаңа бастамаларға қолдау білдірді.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Пікірлер
Кіру