Елорда имамдарының Рамазанға қатысты жиналысы өтті (ФОТО)
Бүгін Елорда төріндегі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты құлшылық ордаларының қасиетті Рамазан айына дайындығы пысықталып, мешіт бас имамдарының қатысуымен жалпы жиналыс болып өтті. Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың төрағалығымен өткен жиналыс барысында бірқатар мәселелер талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, мүбәрак айдың келуін сүйіншілейтін көше баннерлері мен құттықтау хаттарын әзірлеу, өкілдік сайттары арқылы оқырманға ораза жайлы ақпарат жеткізу, ғаламтор желісіндегі сұрақтарға жауап беру, жүргізіліп келе жатқан онлайн дәрістердің ауқымын кеңейту, биылғы Рамазанға қатысты Діни басқарма пәтуаларын насихаттау сынды тапсырмалар беріліп, жауапты имамдардың кестесі құрылды.
Сондай-ақ, жиналыс барысында қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жұмысына да баса мән беріліп, қауіпсіздік пен сақтық шараларын қатаң қадағалау ескертілді.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: muslim.kz