Елорда мешіттері арасында футболдан үлкен турнир өтті (ФОТО)

29 сәуір 2019 6148 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, «Триатлон парк» спорт кешенінде Нұр-Сұлтан қаласы мешіттері арасында «Қуатты мұсылман – әлсіз мұсылманнан қайырлы» атты футболдан турнир өтті. Аталмыш турнирге он мешіт, «Ислам орталығы» және «Астана» медресінен  құралған 12 команда, (әр қайсысында 5 спортшы) барлығы 60 спортшының қатысуымен теңбіл доптан күштерін сынады. 70-ке жуық көрермен белсенді жанкүйер болып, доданың көрігін қыздыра түсті.

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының  КММ  басшысы Жапал Долиев, ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин және  басқа да құрметті қонақтар қатысып, сөз сөйледі.

Сондай-ақ, турнирден жүлделі болған командаларға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің бас имамы Нұрлан Рамазанов және наиб имамдар Серікбол Хаманұлы, Оңғар Хайридинов, Нұрсұлтан Шамшидин қатарлы имамдар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Турнир қорытындысы:

Бірнші орын (50 мың)

«Кунта қажы» мешіті «Батыр» командасы

Екінші орын (30 мың)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті «Сарыарқа» командасы

Үшінші орын (20 мың)

«Әзірет Сұлтан» мешіті «Сұлтан» командасы

 

Дереккөз:  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру