Елорданың белсенді жастары Рамазан шатырында бас қосты

23 мамыр 2019 5618 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінде астаналық жастар ұйымдарының белсенді жетекшілері бас қосты.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз үстіміздегі жылды «Ислам және жастар жылы» деп атағаны белгілі. Осы орайда «Нұр Астана» мешіті астаналық белсенді жастардың басын қосып, ауызашар берді. Атап айтар болсақ, «Жас Отан» ЖҚ, Қазақстан студенттер альянсы, «Болашақ» стипендиаттар ассоцияциясы, Қазақстанның Жастар конгресі, ҚР әскери күштерінің әскери-патриоттық орталығы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық ұйымы, Назарбаев Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және тағы басқа жастармен жұмыс істейтін ұйымдар мен елордалық жоғары оқу орындарының жастармен жұмыс бөлімінің жетекшілері келді.

Ғанибетке толы отырыс барысында «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы еліміздің екпінді жастарымен келелі әңгіме өрбітіп, рухани серпіліс мезгілі саналатын Рамазан айының қадір-қасиеті мен қазіргі жастар өмірінде руханияттың маңызы жайлы айтты. «Асыл тастан, өнер жастан» демекші, еліміздің ертеңгі үміті саналған жастар да өз көкейінде жүрген сауалдарын сұрап, руханият жайында пікірлерімен бөлісті.  
 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру