ЕЛОРДАНЫҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШАРИҒИ ҮКІМДЕР ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

21 қараша 2024 132 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әл-Фәттаһ» мешітінде өткен имамдардың білімін жетілдіру семинарында ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде талқыланып, шариғи шешімі бекітілген пәтуалар таныстырылды.

Жиында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Астана қаласы өкілдігі бойынша Шариғат және пәтуа бөліміне жауапты маман Темірлан Дарханұлы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшылығымен қабылданған шариғи үкімдердің мән-жайы айтылып, оны мұсылман жұртшылығына жеткізу және түсіндіру мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ, пәтуа бөлімінің қазіргі жұмыс барысы талқыланып, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде талқыланып, шариғи шешімі бекітілген пәтуаларды жамағатқа жеткізіп, мұсылман қауымға кеңінен түсіндіру жұмыстары жайлы айтылды.

Сондай-ақ, жиналыста аталмыш бөлімнің жұмысын жан-жақты жетілдіру тетіктері қарастырылып, өзара пікір-ұсыныстар мен идеялар талқыға салынды.

Пікірлер Кіру