«ЕРІКТІЛЕР – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТІРЕГІ» АТТЫ СЕМИНАР ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСТЫ (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы аудандарының діни қызметкерлері мен еріктілер тобына арналған көшпелі семинары болып өтті. Семинарға ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттердегі қайырымдылық жұмыстары бағытына жауапты мамандар мен еріктілер тобының мүшелері қатысып, тәжірибе жинақтады.
Семинар барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының мамандары түрлі көрнекілік құралдар арқылы жұмыс тетігін түсіндіріп, оң нәтижеге жетудің жолдарымен бөлісті.
Айта кетейік, көшпелі семинар жұмысы өткен аптада да ұйымдастырылып, Алматы ауданындағы мешіт қызметкерлерінің жұмысына тың серпін берген болатын. Бұл жолғы семинар жұмысына Есіл, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарындағы мешіт қызметкерлері қатысты.
Дереккөз: Muslim.kz