«Инабат» клубы мүшелері сырласу алаңына жиналды (ФОТО+ВИДЕО)
«Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастырумен «Әйел әдебімен әдемі» атты сырласу алаңы өткізілді. Келуші әйел жамағаты ұстаздардың үлгілі мінез-құлық жайындағы тағылымды әңгімелерін тыңдап қайтты.
Жиынға Елорда мешітінің ұстаздары, қоғам қайраткерлері, журналистер, кәсіпкерлер, белгілі блогерлер қатысты.
Басқосуға ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы, «Астана» медресесінің бас ұстазы Элмира Серікбайқызы, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы, «Ақмешіт» мешітінің ұстазы Әсел Дүйсебекқызы, «Райса ана» мешітінің ұстазы Бақыт Төлеу, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Айгүл Көксеген және «Ырыскелді қажы» мешітінен Зарина Шамидоллақызы қатысты.
Аты аталған ұстаздар қатысушы жамағатқа Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы аясында сөз қозғап, әртүрлі тақырыпта өз білімдерін бөлісті. Атап айтқанда, әйел адамның отбасы мен қоғамдағы рөлі туралы мәселелер ортаға салынып, қиыншылықтан шығудың жолдары сияқты мәселер қамтылды.
Басқосу аясында айтылған түрлі пайдалы ақпараттар келуші әйел жамағатының көңілінен шығып, өз ризашылықтартын білдірді.
Сондай-ақ, «Инабат» қыз-келіншектер клубының 2019 жылғы атқарған жұмыс есебі ұсынылып, 2020 жылғы атқарылар іс-шаралардың негізгі жоспары талқыланды.
Кеш соңында келуші жамағатқа сый-сыяпаттар табыс етіліп, жиын соңы жайылған ақ дастарханмен жалғасты.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!