«ХАНАФИ МӘЗҺАБЫНЫҢ ФИҚҺ ҒҰЛАМАЛАРЫ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

02 қазан 2024 664 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының және Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаштың қатысуымен «Ханафи мәзһабының фиқһ ғұламалары» кітабының танытымы өтті.

Діни басқарма ұжымы мен бауырлас Түркия елінен келген делегациясының екіжақты кездесуінде профессор Али Ербаш Түркия Дін істері басқармасы көптеген классикалық еңбектерді, діни әдебиеттерді шет тілдері аудару жолға қойылғанын айта келіп, соның ішінде қазақ тіліне аудару ісіне басымдық берілгенін атап өткен болатын. Осы орайда «Дианет» қорының қолдауымен жарық көрген «Ханафи мәзһабының фиқһ ғұламалары» кітабының қазақ тіліндегі аудармасы алғаш рет таныстырылды. Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы іргелі еңбектің қазақ тіліне аударылуын жоғары бағалайтынын әрі кітаптың қазіргі мұсылман үмбеті үшін маңызды екенін тілге тиек етті.

Кітап авторы профессор Ахмет Өзелдің сөзімен айтсақ, еңбекте 308 Ханафи, 44 Шафиғи, 25 Малики, 13 Ханбали мен 41 өзге ілім салаларынан таңдалып алынған ғалымдардың өмірдерегі мен рухани мұрасы ұсынылған.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру