«Көктал» мешіті: Алғаш ораза ұстаушыларға арналған семинар өтті (фото)

11 сәуір 2023 2285 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінде нутрицолог маманның қатысуымен «Менің алғашқы оразам» атты семинар өтті. Шараны мешіт бас имамы Сәбит Ережепов алғы сөз сөйлеп ашып берді. Ол алғаш рет ораза ұстап жатқан келуші жамағатқа Рамазандағы оразаның ерекшелігін айтып, оразаның сауабын айтып сүйіншіледі.

Арнайы шақырылған нутрицолог маман Әсия Теміршот оразаның рухани және тәндік пайдасын айтты. Спикердің дәрісі қатысушылар үшін тың жайттардың бетін ашып, ауызашар мен сәресі кезінде орын алып жататын кейбір қателіктерден аулақ болуға үйретті.

Жиын соңында «Әзірет сұлтан» мешітінің наиб имамы Олжас Бақытұлы сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, шақырылған қонаққа өз алғысын білдіріп, жиналған жамағатқа Рамазан айының соңғы он күндігі туралы өз насихатын айтты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру