Маңғыстауда 108- ші баспана кілті табысталды
31 шілде 2019
5443
0
Оқу режимі
Ел үлесі пәтерге жобасы аясында Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық Ар-Рахман мешітінің ұйымдастыруымен көп балалы отбасыға 108- ші пәтер кілті табысталды.
Ар-Рахман мешітінің бас имамы Айдос Муталиев және Маңғыстау облысы бойынша пәтуа бөліміне жауапты Акса Юнус арнайы келіп, қайырымдылық турасында тұшымды уағыз айтып, пәтер кілтін табыстады.
Қайырымды жандардың себепкерлігімен үйлі болған көп балалы Тоңбаев Руслан бауырымыз көмек қолын созған барша азаматтарға алғысын білдірді.
Дереккөз: muftyat.kz
Пікірлер
Кіру