МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ 140 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШӘКІРТТЕРМЕН ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

17 қараша 2025 433 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасымның қатысуымен «Раиса ана» мешітінде Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай шәкірттермен жиын өткізді.

Жиын барысында Алаш көсемінің ғибратқа толы өмірбаяны айтылып, еңбек жолы тілге тиек етілді. Шәкірттерге слайд форматында көрнекілік материалдар ұсынылып, жан-жақты мәліметтер берілді. Жиын соңында бабалар рухына Құран аяттары оқылып, сауабы бағышталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру