МҮФТИЯТ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

30 мамыр 2024 1032 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шегіп, баспанасыз қалған мұқтаж отбасыға пәтер берілді.

Ақжайық өңіріне арнайы барған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Бәйтерек ауданының Достық ауылында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында көпбалалы ана Айымгүл Оразғалиеваның отбасына баспана кілтін табыстап, қуанышына ортақтасты.

«Бұл пәтер ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен «Қиындықта ел бірге» қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа сатып алынды. Мінеки, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен өздеріңізге кілтін табыстап отырмыз. Алла Тағала қиындық соңынан жеңілдік беріп, қайғы соңын қуанышқа ұластырды. Осы шаңырақтан ел мен жердің қамын ойлайтын ұл-қыздар шыға берсін» деді Ершат Ағыбайұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру