Мүфтияттың түркістан қаласындағы кеңсе басшысы тағайындалды (ФОТО)

03 шілде 2018 8183 0
Оқу режимі

Кеше Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы Астана қаласында өткен Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мәлімдеді.

Бас мүфти өз кезегінде: «Наурызбай қажы Тағанұлының діни салада тәжірибесі мол. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен дін қызметкерлері арасындағы беделін ескеріп, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы қызметіне тағайындадым», – деп атап өтті.

Айта кетейік, Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы филиалы ашылатын болды.

 

Өтпенов Наурызбай Тағанұлы 

1977 жылы 13 наурызда туған

БІЛІМІ:

* 1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам әл-Бұхари» атындағы Ислам институтын тәмамдаған.

* 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтында білімін жетілдірген.

* 2009 жылы Мысыр Араб Республикасындағы білім жетілдіру курсында біліктілігін арттырған.

* 2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Тарих» факультетін бітірген.

* 2011-2013 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын үздік тәмәмдаған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

* 1997-1999 жылдары ОҚО, Түлкібас ауданы, «Көкірек ата» мешітінің имамы;

* 2001-2005 жылдары ШҚО, Аягөз ауданының Бас имамы;

* 2005-2006 жылдары Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы;

* 2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды Орталық мешітінің Бас имамы;

* 2011 жылдың cәуір-қыркүйек айларында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы;

* 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы;

* 2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы.

* 2013 жылдың 20-қыркүйегінен бастап ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы болып қызмет атқарған.

*2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.

2018 жылдың шілде айында Бірінші наиб мүфти қызметін сақтай отырып, ҚМДБ-ның Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы қызметіне тағайындалды.

МАРАПАТТАРЫ:

Аягөз ауданының құрметті азаматы (2005 жыл);

Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасы (2009 жыл);

Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалі (2011 жыл);

Астана қаласы әкімінің алғыс хаты (2014 жыл);

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойлық медалі (2016 жыл);

«Құрмет» ордені наградасы (2016 жыл);

Астана қаласы әкімінің құрмет грамотасы (2017жыл).

 

Пікірлер Кіру