Наиб мүфти: Оразаның мұраты – рухани өрлеу, тақуалыққа жету

06 мамыр 2019 7850 0
Оқу режимі

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Нұр Астана» мешітінде сенбілік уағыз айтты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төраға орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай, мешіт жамағатымен жүздесіп, «Оразаның қасиеті мен берекеті» тақырыбында уағыз айтты.

«Әрбір Рамазанға жасалған құрмет күнәнің кешірілуімен, Жәннатпен сүйіншіленеді. Осыдан Рамазан айының қандай қасиетті ай екенін түсіне берсек болады. Құрметті момындар! Бұл ораза – Алланың үлкен сыйы. Бұл айда аспан есіктері ашылады. Демек, дұға қабыл болады деген сөз. Тозақ есіктері жабылады, жын мен шайтан кісенделеді. Яғни, пенденің жәннаттық амалдар жасауына бүкіл мүмкіндіктер беріледі. Аталарымыз бата бергенде «Әлхамның» берекесін бер, «Қу һу Алланың» қуатын берсін! Қыдырмен жолдас ет, оразамен оттас ет» дейтін. Мәшһүр Жүсіп атамыздың «Оразамен қоштасу» деген жыры бар. Халқымыздың оразаға махаббаты осылай болған. Оразаның мұраты тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, рухани өрлеу, тақуалыққа жету», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Наиб мүфти жиналған жамағатқа Рамазан айының артықшылықтары мен берекесі жайында тұщымды насихат жасап, қасиетті айды ғанибет білуге үндеді.

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру