Науқас сәбидің еміне 1 000 000 теңге табысталды (ФОТО)
28 ақпан 2022
3584
0
Оқу режимі
Өткен аптада республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тағы бір игі шара ұйымдастырылып, сынаққа тап болған бауырларымызға көмек көрсетілді. Нұр-Сұлтан қаласы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен 6 жасар Абылайқызы Айша есімді науқас сәбидің еміне қажетті қаражат жинақталып, жексенбі күні арнайы туыстарына табысталды.
Игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов өзі қатысып, Айшаның арнайы келген туыстарымен жүздесіп, жанашыр лебізін білдірді. Жамағат атынан жиылған қаржыны табыстап, Әйел-қыздар секторының жұмысын айрықша атап өтті.
Шара соңында жамағатпен бірге сәбидің тезірек сауығуын сұрап, дұға жасады.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру