НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

11 қазан 2024 623 0
Оқу режимі

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият қызметкерлеріне, сонымен қатар облыс бас имамдарына арнайы жиналыс өткізді.

Жиналыста күн тәртібіне сәйкес бірнеше мәселелер қаралды. Атап айтқанда, уағыз-насихат, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейту, ұмра қажылығына баратын азаматтарды рухани тұрғыдан дайындау, оқу-ағарту іс-шараларын тұрақты түрде жүргізу т.б. мәселелер сөз болды.

«Қазір бәріміз жауапты кезеңде өмір сүріп отырмыз. Қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар орын алуда. Жастарды жақсылыққа үндеп, адамгершілік құндылықтарға баулуда барынша белсенді болуымыз керек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиналыс соңында Бас мүфти имамдар мен мүфтият қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру