Бас мешіт қызметкерлері сенбілікке шықты (ФОТО)

05 мамыр 2018 11111 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы сенбілікке шығып, құлшылық ордасы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы аумағы 17 гектар болатын Бас мешіттің айналасы түгелдей ретке келтіріліп, құлшылық ордасының іші де мұнтаздай қалыпқа енді. Тіпті, мешіттің көлік тұрағы да кір-қоқыстан арылып, құлшылық ордасының сыртқы сәулеті бұрынғыдан да көріктене түсті.

Айта кетерлігі, еліміздің Бас мешіті – тазалық пен тәртіптің жарқын үлгісіне айналған құлшылық ордаларының бірегейі. «Астана тазалық» компаниясы қызметкерлерінің арқасында алып мешіт аумағы қашанда айнадай жалтырып, мұнтаздай болып тұрады. Сонда сенбі күнін тиімді пайдалануды жөн санаған мешіт қызметкерлері ұжым болып тазалық жұмыстарын жүргізіп, мешіт айналасын абаттандыруға атсалысып қайтты.

Пікірлер Кіру