Нұр-Сұлтан өкілдігі зират басына тазалық жұмыстарын жүргізді (ФОТО)
ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен қала шетіндегі мұсылман мазарларында тазалық жұмыстары басталды. Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы, Сарыарқа ауданы әкімі Байкен Есет Берікұлы мен мәслихат депутаттары және ерікті жамағаттың атсалысуымен мұсылман мазарларын қоқыстан тазартып, марқұмдар рухына дұға бағыштап қайтты.
Қасиетті Құран аяттарымен басталған сауапты шара басында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов марқұмдарға құрмет көрсету, мазар басын тазалау жұмыстарының қаншалықты маңызды һәм сауапты екенін айтып өтті.
Айта кетейік, мамыр айының 31-жұлдызында ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде зират маңына тазалық жұмыстары жүргізілген болатын. Сауапты шараның желісін жалғастырған бүгінгі тазалық жұмысы да ойдағыдай аяқталып, зират маңы бір тазарып қалды.
Суреттердің толық нұсқасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: muslim.kz