Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖАНТ мүшелерінің жиналысы өтті (ФОТО)
Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Жергілікті ақпараттық насихат тобы мүшелерінің жалпы жиналысы болып өтті. Басқосуға Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының бөлім бастығы Нұрдәулет Әлмұқан, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов, ЖАНТ мүшелері мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері қатысып, ортақ ой қорытты.
Басқосу барысында жаңа оқу жылының басталуына орай Бас шаһарда жүргізілетін насихаттық-түсіндірме жұмыстарының тақырыптары талқыланып, жалпы кестесі түзілді. Атқарылған шаралар есебі айтылып, алдағы жұмыс жоспары бекітілді. Жиналыс барысында ЖАНТ мүшелерінің ұсыныс-тілектері тыңдалып, кейбір мәселелер көпшіліктің талқысына ұсынылды.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: Muslim.kz