Облыс әкімінің құттықтау хатын табыстады (ФОТО)

22 ақпан 2020 5934 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысы Дін істері басқарма басшысы Әлімбек Жәнібекұлын қабылдады.

Кездесуде Әлібек Жәнібекұлы облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің құттықтау хаты мен игі тілегін жеткізіп, өңірде жүзеге асып жатқан бірқатар игі жұмыстар жайлы әңгімелеп берді.

«Сізді еліміздің Бас мүфтиі болып сайлануыңызбен құттықтаймын! Жоғары біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді ескере отырып, халқымызға қызмет көрсетумен қатар, еліміздегі мұсылман қауымының ауызбіршілігін арттыру жолында Сіздің жаңа лауазымыңызға аса жауапты міндеттерді жүктейтіндігі сөзсіз. Сізге ізгі ниетімді білдіре отырып, жемісті де жеңісті сәттер, қажымас қажыр-қайрат, талмас талап-жігер тілеймін!» делінген Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің жолдаған құттықтау хатында.

  •  

 

Пікірлер Кіру