ӨКІЛ ИМАМ БАСТАҒАН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ НАСИХАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)
04 шілде 2024
1521
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған имамдар Елордадан 50 шақырым жерде орналасқан Аршалы кентіндегі ЕЦ-166/5 түрмесіне барып, арнайы уағыз-насихат айтты.
Имамдар тобы түзеу мекемесінде діни радикалды ағымдарды ұстануға жол бермеу, діни ағымдарға мәжбүрлемеу тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дін қызметкерлері өздерімен бірге алып барған 50 адамға арналған ыстық тағамдар мен сусындарын дастарханға қойып, мерзімін өтеушілерге шай үстінде үгіт-насихат жұмыстарын жасады. Сондай-ақ, елорда имамдары мекемедегі жат ағым түсінігінде жүрген адамдармен жекелей кездесулер өткізді.
Пікірлер
Кіру