ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ 35 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ

13 қыркүйек 2026 95 0
Оқу режимі

Отбасы күніне орай Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының бастамасымен «Ар-Рахман» мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Игі бастама барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 35 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. Қайырымдылық көмегі отбасылардың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге бағытталды. Іс-шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша өкілі Нұрбол Оразбай және «Әр-Рахман» мешітінің имамы Жандос Атембаев қатысты.

Іс-шара барысында Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының Отбасы күніне орай құттықтауы жеткізілді. Бұл игі бастама әдеттегі үрдіс бойынша және отбасы құндылықтарын дәріптеп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты арттыруға бағытталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру