«Қайырымды шаңырақ» атты отбасылық челлендж басталды

17 мамыр 2019 8308 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінде Рамазан айында «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылық марафоны басталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынғалы бері қоғамда «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған» ата дәстүрі де жанданып келеді. Бүгінгі таңда қайырымдылық шараларының әр алуан форматта өтіп жатқаны соның айқын көрінісі.

Бұл марафонның мұраты – ұрпаққа үлгі көрсетіп, әрбір отбасына жылулық пен мейірім жеткізу. Яғни, қайырымдылық марафоны аясында белгілі бір отбасы толық құрамда (ата-ана бала-шағасымен) атсалыса отырып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасына қол ұшын береді. Сол арқылы өскелең ұрпақтың көкейіне ел қамын, ұлт қамын ойлайтын патриоттық сезімді ұялатумен бірге мұқтаж отбасылардың қажетін өтеу болып табылады.

Сондай-ақ, көмек көрсеткен отбасы челленджді келесі отбасына жолдайды. Аталған шараға қатысу шарттары төмендегідей: Отбасы мүшелері толық қатысуы керек Көмек азық-түлік немесе қаржылай көрсетіледі Көрсетілетін көмектің көлемі ең кемі 1 айға жететіндей мөлшерде болуы керек Көмек көрсету барысында мешіт өкілінің қатысуы міндетті Жәрдем қабылдаған отбасының суретін олардың келісімінсіз жариялауға болмайды Көмек көрсеткен отбасы тізгінді келесі бір танысына жолдауы тиіс.

WhatsApp Image 2019 05 16 at 16.05.33

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру