ҚМДБ: Биыл 3200 адам қажылыққа барады (ФОТО)

29 қаңтар 2019 6578 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Сауд Арабия Королдігінде (САК) 2019 жылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары бойынша екі жақты ресми кездесулерге қатысты.

Кездесуге наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төраға орынбасары Балғабек Мырзаев, Қазақстанның Жидда қаласындағы консулдық басшысы Талғат Шалданбай, Азаматтық авиация комитетінің Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының бас сарапшысы Тимур Тілегенов қатысты.

Сауд Арабия Королдігінің Қажылық және умра министрлігі Қазақстан қажылары үшін 3 200 орын бөлді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен САК Қажылық және умра министрлігі екі жақты келісім құжатына қол қойды. Аталған құжатта биыл Қазақстан тарапынан 3 200 адам қажылығын өтей алатыны көрсетілген.    

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру