ҚМДБ: Каирдегі Ислам ғылыми орталығымен ортақ жобалар жүзеге асады (ФОТО)

18 наурыз 2021 4761 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған сапарында әл-Азһар университеті жанындағы Ислам ғылыми зерттеу орталығының директоры Назир Мұхаммед Иядпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен әл-Азһар университеті жанындағы Ислам ғылыми зерттеу орталығы арасында ынтымақтастықты арттыру мәселесі талқыланды.

Бас мүфти Қазақстанда салынатын Ислам академиясы мен Ислам және теология кітапханасын классикалық бағыттағы кітаптармен қамтамасыз етуге айрықша тоқталды. Осы бастама бойынша ортақ игі жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

«Әл-Азһар университетінің сан ғасырлық тарихы мен қалыптасқан тәжірибесі бар. Біз сіз басқаратын әл-Азһар университеті жанындағы Ислам ғылыми зерттеу орталығымен әріптестік байланысты арттыруға дайынбыз. Алдағы уақытта екіжақты тәжірибе алмасу іс-шараларын өткізуді ұсынамын. Бұл асыл дінімізді ғылыми тұрғыдан насихаттауға серпін береді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде аталған орталық директоры Назир Мұхаммад Ияд әріптестік байланыс орнату жайлы оң ниетін білдіріп, Исламды ғылыми тұрғыдан насихаттаудың маңызды екенін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру